Қазақстандықтар көлік сатып алу үшін Арменияда тұруға ықтиярхат алып жатыр, – деп жазады Tengrinews.kz.
Дереккөздің жазуынша, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев отандастарды шетелдік есепте тұрған автомобильдерді сатып алмауға кеңес берді. Себебі, олар қандай да бір себептерге байланысты Қазақстан аумағында тіркей алмайды.
«Біздің азаматтарымыз Армения азаматтарымен бірге әртүрлі қулықпен Армениядан көлік сатып алу үшін уақытша тұрғын мәртебесін алып жатыр» деген ақпарат бар. Оның ішінде, анықтамаларды әдеттегі ресімдеуден бастап және Арменияда тұруға ықтиярхатқа теңестірілген уақытша тіркеу картасы алып жатқандар бар екен. Осылайша, осы автомобильдерді сатып алып жатыр. Қазіргі уақытта ІІМ Армения Республикасына әкімшілік полиция комитетінің, көші-қон полициясы комитетінің құзыретті қызметкерлері жіберілді, олар армян әріптестерімен бірлесіп біздің де, армян азаматтарының іс-әрекеттерінің заңдылығын тексереді. Айтпақшы, Армения аумағында көлік сатып алуға барып, алданып қалғандар да бар. Оларды алдап, сан соқтырып кеткен. Осылайша қазақстандықтар шығынға батты. Осыны ескере отырып, министрлік осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізді», – деп түсіндірді Марат Қожаев.