«Олимптің» лицензиясы тоқтатылды
«Олимптің» лицензиясы тоқтатылды
201
оқылды

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды, – деп хабарлайды мекеменің ресми сайты.

«2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап «Олимптің» лицензиясы тоқтатылуына байланысты ставка қабылдай алмайды» делінген букмекерлік кеңсесінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы прокуратурасы «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 145 млрд теңге салықтық берешегі бар екендігін анықтады.

Сондай-ақ, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.