Бұрынғылар жалғанға балаған пәниден отандық саясаттану ғылымында айрықша қолтаңбасы бар, талай қайраткерге ұстаз болған ғалым Камал Бұрханов өтті.
Ол тәуелсіз Қазақстанның жаңа буын саясаткерлерін қалыптастыруға еңбек сіңірген тұлға еді. Сөйте тұра еркін ой, салмақты пікірі арқылы отандық масс-медиаға таптырмайтын санаулы сарапшылардың да бірі болатын. Ғалымның аймақтың саясат, дін мәселелері, өңірдегі геосаясат турасында айтқан ойлары «Айқын» газетінде де талай рет жарияланған еді.
Камал Низамұлы 1954 жылы дүниеге келген. Ташкент университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Ғұмырында Қазақстан Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметін атқарды.
IV және V сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 40-тан астам ғылыми жұмыс және көптеген еңбектің авторы.
«Айқын» газетінің редакциясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Бақұл болыңыз!