Ғалымның хаты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді
236
оқылды

Бұрынғылар жалғанға ба­лаған пәниден отандық сая­саттану ғылымында ай­рық­ша қолтаңбасы бар, та­лай қайраткерге ұстаз бол­ған ғалым Камал Бұрха­нов өтті.

Ол тәуелсіз Қазақстан­ның жаңа буын сая­сат­кер­ле­рін қалыптастыруға ең­бек сіңірген тұлға еді. Сөйте тұра еркін ой, салмақты пі­кі­­рі арқылы отандық масс-медиаға таптырмай­тын санаулы сарапшы­лар­дың да бірі болатын. Ға­лым­ның аймақтың саясат, дін мә­селелері, өңірдегі гео­сая­сат турасында айтқан ой­ла­ры «Айқын» газетінде де та­лай рет жарияланған еді.

Камал Низамұлы 1954 жылы дүниеге келген. Таш­кент университетін, Мәс­кеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Ғұмырында Қазақстан Президенті Әкім­шілігінің бас сарапшысы, Ш.Уәлиха­нов атындағы Тарих және этно­логия институтының ди­ректоры қызметін атқар­ды.

IV және V сайланған Қа­­зақ­стан Парламенті Мә­жі­­лісінің депутаты, Ха­лықа­­ралық істер, қорға­ныс және қауіпсіздік комитеті, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 40-тан астам ғылыми жұ­мыс және көптеген еңбек­тің авторы.

«Айқын» газетінің ре­дак­­циясы марқұмның от­ба­сы мен туған-туыста­ры­­ның қайғысына ортақ­та­сып, көңіл айтады.

Бақұл болыңыз!