Қазақстандық подполковникті Ресейде өлтіріп кетті
Қазақстандық подполковникті Ресейде өлтіріп кетті
162
оқылды

Санкт-Петербург қаласының Маринск ауруханасында 62 жастағы ҚР-дың ІІМ қарасты өрт сөндіру қызметінің подполковнигі Вячеслав Джексенов белгісіз адамдардың шабуылынан кейін көз жұмды, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға қаладағы Дегтярная және 9-шы Кеңес көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің маңында орын алған. Белгісіз адамдар Джексеновтың арт жағынан келіп соққы жасаған. Бас жарақатын алған ол бір сағаттан кейін ауруханада көз жұмды. 

Оқиға болған жерден темекінің қалдықтары табылыпты. Жақын маңда бейнебақылау камералары жоқ екен. Қылмыстық іс қозғалу мәселесі талқылануда. 

Марқұм болған азамат Қазақстанның ІІМ қарасты төтенше жағдайлар комитетінде қызмет атқарған. Подполковник шенін иеленген ол зейнетке шығып, 2014 жылы Санкт-Петербург қаласына көшіп келген. Ол мұнда кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысатын кеңсе құрыпты.