Қария ата-анасының сүйегін таппай қалды
Қария ата-анасының сүйегін таппай қалды

Алматы қаласының Бос­тан­дық ауданындағы «Ремизовка» зиратына жерленген адамдардың туыстары қала билігіне наразылығын білдірді. Олар өздерінің рұқ­сатын­сыз зираттан 23 мүрденің «Кең­сай-2» зиратына кө­ші­ріл­­­генін айтады.

Қаңтар айында алматылық 71 жастағы Хадим Закарин осы зи­ратта жерленген ата-анасының басына келген, алайда ол Ұлы Отан соғысының ардагері Хамит Мәмбетәлиев пен Гүлмаржан Закаринаның басына қойылған ескерткішін де, қоршауын да тап­пай дал болып қалады. Қария ұл­дарына полицияға жүгінуді сұрай­ды. Олар марқұмдарды жа­қын туыстарының келісімінсіз қайта жерледі деп шағымданды. «Тергеу басталғанда зират Ал­маты әкімдігінің он жыл бұрынғы қаулысы негізінде жабылғанын білдік. Қаулыда белгісіз қалдық­тар­ды қайта жерлеу туралы айтыл­ған. Ата-анамның қабірлері бел­гісіз болғанына келіспеймін, се­бе­бі оларды туыстары күтіп-бап­та­ған, қабірлерде тиісті жазулар болған. Бұл – ата-анамның ес­керт­кішін қорлау», – дейді ашын­ған қария. Бұған дейін белгісіз біреулер Хадим Закариннен мүр­де­лерді қайта жерлеуге келісім сұраған, ең сорақысы – ақшалай өтем­ақы ұсынған. Бірақ шағым­данушы өтемақыдан бас тартқан. Закариндер отбасы Кеңсай-2 зира­­тына көшіріліп, бір қоршауда сегіз мүрдені қатар жерлеген орын­дар барын, бірақ сол сегіздің екеуі өздерінің ата-анасы екенін кім дәлелдеп береді деп күйінеді. Алматы әкімдігінің хабар­лауын­ша, «Ремизовка» зираты­ның тарихы 1930 жылдан бас­талад­ы. Дегенмен бұл зираттың ешқандай құқықтық құжаттары жоқ. 2010 жыл­дың 27 қазанында санинспек­торлардың қорытын­дысы негізін­де зиратты жабу ту­ралы қаулы шықты. Нақты қандай талаптың бұзылғаны жайлы ха­бар­ланбайды. Болжам бойынша, бұл оның айналасына тұрғын үй нысан­дарын салуға рұқсат етілуі­мен байланысты. Негізі, қаланың жоғары жағында, таудың етегінде орналасқан орынға көз тіккендер аз болмағанға ұқсайды. Әл-Фа­раби даңғылының бойында, Ре­ми­зовка елді мекеніне бұрылған жердің оң жағында элиталық ықшамаудандар мен бесжұлдызды қонақүйлер орналасса, ал сол жағында – небәрі жүздеген метр жерде Қысқы Азиада ойындары­ның алдында ғана бой көтерген трамплиндер бар. Алматы қалалық әкімдігі осы зиратта жерленген мүрделерді қайта жерлеу туралы 2010 жылы қаулы шығарған. «Алматы қаласы­ның мамандандырылған салттық қызмет көрсету комбинатына» осы қаулыны орындау жөнінде тапсырма берілген. Сол кезде «Ве­черний Алматы» газетіне «Реми­зов­ка» зиратында жерленгендердің қалдықтарын қайта жерлеу туралы хабарландыру шыққан. Алматы қаласы әкімдігінің қо­ғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде қай­тыс болған 16 адамның туыс­тары жауап беріп, олардың ке­лісім­­імен денесі басқа зиратқа қай­та жер­ленді. «Алматы қаласы­ның маман­дандырылған салттық қызмет комбинаты» ЖШС-ның 10 жыл­дық күту мерзімі аяқтал­ған­нан кейін 2020 жылдың ақпан айында зиратты жабу жұмыстары аяқ­­талып, 23 адамның сүйегін қай­та жерлеу жұмыстары жүргізіл­ген. Дін өкілі, ҚМДБ пәтуа бөлімі­нің жауапты қызметкері Нұрболат Дүйсебаевтың айтуынша, жерлен­ген мәйітті жатқан жерінен қазып, басқа бір қабірге, басқа жерге көшіруге рұқсат етілмейді. Харам болып есептеледі. Егер мәйіт басқа біреудің жеріне жерленсе немесе сол жердің иесі мәйітті өз жерінен алып кетуді талап етсе, не болмаса қоғамға маңызды, қажетті құрылыс нысандары, жол салына­тын болса және қабір су астында қалатын қауіп төнсе, сонымен қатар басқа дін өкілдерінің қа­бірлеріне жерленсе, ол жерден алып, басқа жерге көшіруге рұқсат етіледі. Қолда бар деректерге қараған­да, көне қорым орнында алдағы уақытта ешқандай құрылыс ны­сан­дары бой көтермейді. Жасыл желек егіп, саябақ жасау жоспары бар. Қазір Алматы қаласы мен шаһар маңында 41 зират бар. Оның 27-сі толған, яғни қайтыс болғандарды жерлейтін бос орын қалмаған. Боралдай зираты – 300 гектар жерді алып жатқан қалада­ғы ең үлкен зират. Жерлеу орын­дары өте үлкен аумақты алып жа­тыр. Жер тірілерге де аса қажет. Нарықтық экономикаға көш­кен­нен кейін елімізде салттық қызмет көрсететін жеке ком­пания­лар пайда болды. Сондай-ақ олардың қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Рас, өмір бар жер­де өлім бар, дегенмен қазақ «Біреу өлмей біреуге күн жоқ» дегенді неге айтты екен? Марқұм болған жанды ақтық сапарға аттандыру да сын. Жақынын жерлеу үшін жер алу, оны жөн-жоралғысымен шығарып салу да қып-қызыл ақша. Әсіресе, пандемия өршіген жаз айларында осы мәселе айқын сезілді. Жыл сайын елімізде шамамен 152 мың адам бақилық болады екен. Ал оларды жерлеу үшін 44,5 миллион доллар жұм­салады. Өкінішке қарай, елімізде жерлеу ісі жөнінде заң жоқ. Егер заң, белгілі бір жүйе болса, осын­дай маңызды саланы бақылау да оңай болар еді. Бұл мәселені де­путаттар бірнеше рет көтерген, бірақ аяқсыз қалған. Жүйе, белгілі бір тәртіп болмағаннан кейін жерлеу рәсімі де, зираттарды күтіп-баптау жұмыстары да бақы­лау­да деп айта алмаймыз. Сон­дықтан зираттардағы вандализм, бейберекетсіздік, тірілер қол жет­кізе алмай отырған үйге бер­гі­сіз алып құрылыстардың байлар­дың қайтыс болған жақындары­ның басынан бой көтеруі, тіпті бүгін әңгіме етіп отырған жағдай да болып жатыр.

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ