Ақтөбеде Қытайда тараған ауруға байланысты дерттің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
Ақтөбеде Қытайда тараған ауруға байланысты дерттің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
178
оқылды

2019 жылдың желтоқсанынан бастап ҚХР Ухань қаласында белгісіз этиологиядағы пневмония өршіп тұр.

Қытай мамандары Ухань қаласында пневмония өршуінің қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі болғанын анықтады. Қытай мамандары Ухань қаласында пневмония өршуінің қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі болғанын анықтады. Қазіргі уақытта бұл вирус әлі толық зерттелмеген. ДДҰ адамнан адамға берілуін жоққа шығармайды.

Осыған байланысты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті алдын алу іс-шараларын күшейтіп, Қытайдан келген тұлғалардан короновирустық инфекция қоздырғышымен туындаған пневмонияны дер кезінде диагностикалауды қамтамасыз ету туралы Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасына, сондай-ақ, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына әуежайдың санитариялық карантиндік бекетте бақылауды күшейту жөнінде ақпараттық хат жолдады.

Департаменттің аумақтық басқармаларымен халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде. Облыстың туристік агенттіктеріне ҚХР-да этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі және сақтану шаралары жөнінде ақпараттық хаттар жолданды.

Коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайда 2016-2020 жылдарға арналған карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуынан Ақтөбе облысының аумағын санитарлық қорғау бойынша эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі кешенді жоспары іске қосылып, облыстың мүдделі қызметтерімен бірге індетке қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

Коронавирус ауруының алдын алу жөнінде ұсыныс:

Жіті респираторлық жұқпалар белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болмау.

Жиі қолды жуу, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың ортасымен тікелей байланысқаннан кейін.

Фермалардағы жануарлармен немесе жабайы жануарлармен жанасудан аулақ болу.

Жедел респираторлық инфекция симптомдары пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Ақтөбе облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті