Шетелден келгендерден тағы да коронавирус анықталды
Шетелден келгендерден тағы да коронавирус анықталды
5,290
оқылды

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Кеше Қазақстанға БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 2 565 жолаушы келді. Анықтамамен – 2 464 адам, анықтамасыз келгендер – 101 адам. Алматыға – 1 544 жолаушы, Нұр-Сұлтанға – 456 жолаушы, Ақтауға – 441 жолаушы,  Шымкентке 124 жолаушы келген. Анықтамасыз келгендер ПТР тест тапсырады.

Ал 7 наурызда шетелден келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды. Екі жолаушы Шарм-эль-Шейхтен, біреуі Франкфуртен Нұр-Сұлтанға келген.