8 наурызда сұраныста болған сыйлықтар
8 наурызда сұраныста болған сыйлықтар
265
оқылды

8 наурыз – қыз-келіншектер қауымына ерекше бір серпіліс пен қуаныш сыйлайтын көктем мерекелерінің бірі. Халықаралық әйелдер күні өтсе де, Қазақстанның басым қалаларында әлі де аяз ызғары кетпеген. Соған қарамастан, ел-жұрт мерекелік көңіл күйін жоғалтпады. Оны сол күнгі сауда-саттықтың қызу өтуінен байқауға болады. Тіпті, осы жолы қаладағы барлық сауда орталықтарындағы азық-түлік және дәріханаларда адам саябырсығандай көрінді. Сондықтан қыз-келіншектердің мейрамында қандай заттың көбірек өткенін анықтауға тырыстық.

[caption id="attachment_117972" align="alignnone" width="1024"]Наурыз ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Пандемияның салдарынан сауда саласы онлайн режимге өтсе де, ақсап қалмады. Керісінше, дами түскендей... Қазір кез келген дүние қалаған уақытында, көрсетілген мекенжайға тез арада жеткізілуде. Осыған қарай тапсырыс та көбейе түскендей. «Осы екі-үш күнде тапсырыс тәулік бойы үзілмеді. Тіпті уақытында жеткізу үшін қосымша курьерді жалдадық. Өйткені бізге тапсырыс берсе, жеткізуі тегін болады», – дейді «Империя цветов» орталығының қызметкері.

Оларда 15 тал қызғалдақтан жасалған гүл шоғы – 15 739 теңге, 51 қызғалдақ 45165 теңгеге бағаланды. Ең үлкен тапсырыс – 301 раушаннан жасалған гүл шоғы. Оның бағасы – 205 286 мың теңге. Сондықтан осы мерекеде гүлдің саудасы жүрді. Дегенмен саудагерлер гүл саудасының өзгеріске ұшырағанын тілге тиек етті. Бұрынғыдай гүлдерін тізіп қойып, сатып үлгере алмай жатқан саудагерлер жоқ. Құшақ-құшақ гүл алып, оны оратуға кезекте тұрған жан да көп емес. Олар үйде-ақ тапсырыс беріп, картамен төлемін жасауда.

[caption id="attachment_117970" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©sputnik.kz[/caption] – Мереке қарсаңында 2-3 күннің ішінде бір-екі айлық табысымызды тауып алатынбыз. Биыл ондай болмады. Бүгінде бәрі интернет арқылы тапсырыс беруге көшіп кетті. Одан пайданы тек ірі гүл орталықтары көруде. Өйткені оларда әлеуметтік желідегі парақшамен жұмыс істейтін арнайы маман бар. Ал кішігірім гүл бутиктері табыссыз қалды. Екіншіден, көтерме саудамен айналысатындар кез келген сауда орталықта тұра қалып, арзан бағамен сатты. Олардың мақсаты – табыс табу емес, шығынын жабу, – дейді гүл дүкенінің сатушысы Екатерина. [caption id="attachment_117974" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©sputnik.kz[/caption] Тағы бір гүл сатушының айтуынша, 8 наурыз мерекесі қарсаңындағы сауда 4-інен басталған. «6-7 наурызда сауда мүлдем болмады. 8 күні аздап болса да гүл сата алдық. Бірақ бұрынғыдай 501 қызыл мен 500 ақ раушан гүліне тапсырыс беретіндер жоқ. Негізінен өткені – қызғалдақ. Ақшалы азаматтар 21-25 тал раушан гүлін алды. Одан үлкен тапсырыс болмады»,– дейді Дмитрий Живаев.

Сұраныстағы екінші дүние – жеміс-жидек пен тәттілерден тұратын гүл шоғы. Оның бағасы 12 мыңнан басталған. Арасында жұмсақ ойыншығы бар. Ондай себеттер 30 мың мен 100 мыңның айналасында болды. Ал мерекеден кейінгі күндерде 10-15 пайызға жеңілдік жасалуда.

AliExpress платформасының зерттеуінше, опа-далап жағуға және кірпік өсіруге арналған жиынтықтардың саны сегіз есе өскен. Тері күтімі бойынша берілген тапсырыстың саны бес есе, себезгіге арналған гель, ваннаға арналған көпіршік және сабын сияқты гигиеналық заттар саны екі жарым есе, бетке арналған бояну заттарының сатылымы бір жарым есеге артқан. [caption id="attachment_117979" align="alignnone" width="1185"]наурыз ©almaflowers.kz[/caption]

– Наурыздың 2-3 күндері ер-азаматтардың мерекеге орай сертификат алуы – үш-төрт есеге өсті. Сертификатымыз 5 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеге дейін болды. Оған қоса, кейбір заттар 50 пайыздық жеңілдікпен сатылды. Сондықтан болар, келушілер мереке қарсаңында өте көп болды. Ине шаншар орын болмады. Содан күзетшілер бір адам шығысымен екіншісін кіргізіп отырды. Онда да шығарда олар сатып алынған заттар мен чектің сәйкестігін тексеріп тұрды. Айтуға да ұят, бірақ арасында кейбір заттар жоғалғаны да бар, – дейді Mon Amie менеджері Нұрбигүл.

Оның айтуынша, жуынатын заттардан гөрі, боянуға арналған опа-далап көбірек өткен. Өткен сертификаттың тек 70 пайызын пайдаға жаратты. Қалған  иеленушілері жақын арада пайдаланатынына сенімді. [caption id="attachment_117984" align="alignnone" width="800"]наурыз ©4slovo.kz[/caption] Сонымен қатар мерекеге бірер апта қалғанда әйелдер киімінің сатылымы едәуір өскен. Әсіресе, әйелдер жейдесіне жасалған тапсырыс өткен аймен салыстырғанда алты есеге өскен. Ал бешпеттер мен свитерлердің сатылымы үш есеге көтеріліпті. Оған қоса, ең көп сатып алынған киімдер қатарында көйлектердің әртүрлі үлгілері бар.

Мереке күні тұрмыстық техника дүкендері де қызу жұмыс істеді. Олардың мәлімдеуінше, ұялы телефондар, құлаққап, таразы мен смарт-сағаттар өткен. Әсіресе, интернет дүкеннен сатып алу жағынан асүйлік комбайндар үлкен сұранысқа ие болған. «Карантин кезеңінде тұрмыстық заттар мен саяжайлар, спорт және туризм, құрылыс және жөндеу сияқты санаттарға сұраныс едәуір өсті. Мысалы, бұрын даму жоспары бір жылға жоспарланса, қазір онлайн сатылым арқылы бір-екі айда жүзеге асырылуда»,– дейді Mechta.kz дүкенінің өкілі Дмитрий.

[caption id="attachment_117990" align="alignleft" width="1075"]наурыз today.kz[/caption] Сыйлыққа тарту ретінде кітап соңғы орында тұр. Жалпы, жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның өмірін өзгертуі мүмкін. Жақыныңызды жаңа бастамаларға жетелеп, рухани байлыққа, білім жинауға себеп болатын, ғаламды шарлауға мүмкіндік беретін құндылық қашанда кітапта. Сондықтан жақсы кітап – нәзік жандылар үшін құнды сыйлық, ал кішкентай ханшайымдар үшін әлемді танудың таптырмас құралы екенін дәлелдей түсті. [caption id="attachment_117996" align="aligncenter" width="1200"]наурыз ©Айтжан Мұрзанов[/caption]