Мектеп асханаларын тексерді
Мектеп асханаларын тексерді
239
оқылды

Маңғыстау облысында 9 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде санитарлық-дезинфекциялық талаптарды және бетперде режимін сақтай отырып, 25 балаға дейін оқытуға рұқсат етілген болатын. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің асханаларына мониторинг жүргізді.

Мониторинг тобына Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Л.Меңдіғалиева, қалалық мәслихат депутаты М.Дощанов, партияның саяси жұмыстары бөлімінің меңгерушісі А.Жетібаева және консультант С.Қожахметов, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Ғ.Құрманғалиев қатысты. Мониторинг барысында асхананың талапқа сәйкес жұмыс істеуі, оқушыларға берілетін тағамдардың сертификаттары, асхана қызмет­керлерінің рұқсатнамалары қаралды. Аталған мониторинг жұмыстары облыстың барлық аудандарында жалғасып жатыр.

Әбілмансұр ЖАСАН