Алматыда жедел жәрдем көлігі таксимен соқтығысты
Алматыда жедел жәрдем көлігі таксимен соқтығысты
172
оқылды

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автомобиль соқтығысты, зардап шеккендер бар.  Бұл жайында Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«13 наурызда Hyundai H-350 жедел жәрдем көлігінің 1978 жылғы жүргізушісі Байтұрсынов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, Жамбыл көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Ол Жамбыл көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Ravon маркалы автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл автомобилінің 1986 жылғы жүргізушісі зардап шекті. Оны оқиға болған жерде дәрігерлер қарап, үйіне жіберді», - делінген хабарламада. Оқиғаны Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр.