Мұндай шешімді Өзбекстанның коронавируспен күресу жөніндегі арнайы республикалық комиссиясы қабылдады.
Жаңа ережеге сәйкес, шетелдіктер соңғы 72 сағат ішінде жасалған коронавирустың жоқтығы туралы анықтаманы ұсынуы тиіс,– деп жазады "Қазақпарат".
Жолаушыларға арналған тестілеу нәтижесі ағылшын немесе орыс тілінде болуы қажет.
Арнайы комиссия тиісті ведомстволарға 25 наурызға дейін әр елде ПТР тесттен өтуге рұқсат ететін он шақты зертхана тізімін дайындауды тапсырды. Осы медициналық мекемелердің ғана сынақ нәтижесі Өзбекстанда жарамды саналады.
Қолданыстағы ереже бойынша Өзбекстанда жолаушылар коронавирусқа шалдықпағанын дәлелдеу үшін экспресс тест тапсыруға міндетті. Экспресс тест құны – 95 мың сум. Паспортта тест туралы ақпараты бар штрих-код жабыстырылып тұрады.