Бастауыш ұйым – партия негізі
Бастауыш ұйым – партия негізі
209
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Жанар Бектаева партиялық жо­баларды іске асыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша Қаратау ауданына қарасты бастауыш партия ұйымдарына барды.

Бірінші болып Сайрам тұрғын алабындағы Қаратау ауданы партия филиалына қарасты «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымымен кездесті. 1 200-ден ас­там мүшесі бар «Сайрам-Өркениет» БПҰ 2015 жылы құрылған. Кез­десу барысында «Кедергісіз ке­лешек» партиялық жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасап, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қамтамасыз ету және жұмыспен қамту – мем­лекеттің негізгі мақсаты. Қаратау ауданында ерекше қажетті­лігі бар адамдар саны – 8 565, оның ішінде балалар саны – 1 495. Ау­дан аумағында әлеуметтік жағ­дайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға партия тарапынан, депутаттардың демеу­шілігімен қайырымдылық іс-шара­лары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Кездесу соңында жоба аясында атқарылатын жұ­мыс­тар нақтыланып, алдағы жұмыс­тар бойынша ұсыныстар берілді. Келесі кездесу 1 000-ға жуық мүшесі бар «Исфиджап» бастауыш партия ұйымымен өтті. Бастауыш партия ұйымы тарапынан атқарылған жұмыстар талқыланып, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы жөнінде сөз болды. Қаратау ауданында 31 соғыс ардагері, 378 тыл ардагері бар. Өткен жылы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шара бойынша аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесе аудан аумағында тұратын 10 соғыс ардагерін және 80 тыл ардагерін мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымының араласуымен 365 ардагерге «Жеңістің 75 жылдығына» арналған медаль таратылды. Сонымен қатар қарттар мен аудан аумағында тұратын 365 отбасына демеушілер есебінен азық-түлік себеті тапсырылған. – Партиялық жоба – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, әлеуметтік топтағы азаматтарды қолдауға, халықтың табысын арттыруға, әлеуметтік саланы жақсартуға, қаламыздың кешенді дамуына бағытталған. Біздің партия ұйымдарында бағдарлама аясында кешенді іс-шара түзіліп, жаңа бас­тамалар сәтті іске асуда. Оларды сапалы орындау – барлығымыздың міндетіміз, – деді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева. Кездесу соңында қатысушылар партияның сайлауалды бағ­дар­ламасы мен партиялық жоба­лар­ды жүзеге асыру үшін барлық ба­ғыт­тағы атқарылып жатқан жұ­мыс­тар­ды жандандыру керегі айтылды.

Әбілмансұр ЖАСАН