Жалақымыз 142 мың теңгеден аспай ма?
Жалақымыз 142 мың теңгеден аспай ма?
244
оқылды

Елімізде жыл сайын азаматтардың орташа жалақы мөлшерін анықтап отыратын дәстүр бар. Жуырда Ұлттық статистика бюросы 2020 жылы қазақстандықтар ай сайын қанша мөлшерде табыс тауып келгенін жариялады. Әдеттегідей барлық өңірде жалақы мөлшері бірдей емес, әрқилы. Батыс өңірлерінде айлық дұрыс болса, оңтүстікте тым аз. Сан түрлі сандар өстіп жіктейді, сонда жалақы мөлшері қалай түзіледі? Осы жайында аз-кем шолу жасасақ.

Екі есе айырмашылық

Негізі, кейінгі бір жылдың ішінде жалақы мөлшері ай­тарлықтай өзгермегенін ұқтық. Азаматтардың 2019 жылғы та­бысы мен 2020 жылғы табы­сы­ның арасы алшақ емес. Мә­селен, қазақстандықтардың ор­­таша айлығы 2019 жылы 203,9 мың теңге, былтыр 204,3 мың теңге көлемінде болыпты. Сол секілді өзгелерден қарағанда көп жалақы төлейтін өңірлер тізімі де сол баяғы күйі. Сон­дықтан біз 2019 жылдың көр­сеткішіне назар салмай, был­­­­тырғы жылдың деректі ғана алға тартсақ жөн болады. Көш басында екі мұнайлы өлке мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары тұр. Атырау облысында орташа жалақы 350,8 мың теңге деп есептелсе, Маңғыстауда 297 мың теңгеге жеткен. Ело­р­дада бұл көрсеткіш 289 мың болса, Алматы қаласында 236,2 мың теңге деп белгіленген. Ал қалған өңірлердің бәрі еліміздегі ор­­таша жалақы мөлшерінің (204,3 мың теңге) межесіне де жете алмаған. Соңғы қатарға, яғни адамдары ең аз табыс та­батын аймақ тізімінде Түркістан (148,6 мың теңге) мен Жамбыл облыстары (150 мың теңге) тұр. Енді қараңыз, ең жоғары жалақы алатын Атырау (350 мың теңге) мен ең төмен табыс табатын Түр­кістан (148 мың теңге) ара­сында 2 еседен көп алшақтық жа­­­тыр. Бірақ бұл сандарды біз шындыққа жанасады деп айта алмаспыз. Оны көпшіліктің пі­­­­кірі де құптары анық. Бұл – бар болғаны жалақы қосын­дысын адам са­нына бөлгендегі нәтиже ғана. – Орташа жалақы деген ұғым толыққанды халықтың жағ­дайын ашып көрсетпейтіні белгілі. Жай ғана жалақы көр­­сеткіштерін бір-біріне қосып, соған сай адам санына бөле салатынын білеміз. Өңір­лері­мізде айырмашылық өте көп. Біреуінде табыс табуға мүмкіндік бар, екіншісінде өте қиын. Әкім­дер халық алдында есеп бер­генде жиі естиміз. Жыл сайын «аймақта айлық 30 пайыз­ға ұлғайды» деп көсіледі. Де­генмен шалғай аудандарды қа­­­райық. Ең көп табыс табады деген жандардың өзі орташа жа­лақы мөлшеріне әрең жетеді. Сон­дықтан мұндағы цифрлар Үкіметке қажет болып тұр. Сол цифрлар арқылы қай өңірді дамыту керек, қай аймақ көңіл бөлуге зәру, осы сияқты сұ­­рақ­тарды тізіп, тетіктерін қарас­тырады, – дейді экономист Мақ­сат Халық. жалақы

Медиандық көрсеткіш шындыққа жақын ба?

Қазақстандықтардың ай сайынғы орташа табысы 204,3 мың теңге деп көрсетілді, бұл жұрт­тың бәрі осындай кө­­­лемде айлық алады деген сөз емес. Ал медиандық тұрғыдан қарасақ, еліміздегі әр азаматтың табысы 142,3 мың теңге мөл­­­­­­ше­рінде ғана. Орташа жалақы мен ме­диандық жалақы мөлше­­рінің арасында 30 пайыз айыр­­ма­шылық бар. Бұл дегеніңіз әлеу­меттік теңсіздіктің көрінісі, ал­шақтық неғұрлым көп болса, жалақы теңсіздігі мен аз айлық алатын адамдар саны арта бере­ді. Демек, ірі және орта кәсіп­орын­­дарда жұмыс істейтін халықтың 50 пайызы 142 мың теңгеден артық жалақы ала ал­май жүрген тәрізді. Ал өңірлер бойын­­ша орташа жалақы мен медиандық жалақының алшақ­тығы 16-дан 44 пайызға дейін ауытқиды. Мы­­салы, ел астана­сында орташа жалақы 289 мың теңге болған, бұл медиандық жалақыдан (200 мың теңге) 31 пайызға көп екен. Медиандық жалақы мөлшерімен алғанда, Жамбыл облысы көш қатарында қалады. Мұндағы көр­сеткіш – 114 мың теңге ғана. Осы тұста экономист Мақсат Ха­лық ме­диандық жалақы мөл­­шері сәл де болсын реалды көрініс бе­ретінін жеткізді. – Жалпы, медиандық тәсіл бір дәлізде жүрген адамдардың орташа тұсын анықтауға мүм­­кіндік беретіндей көрінеді. Сол үшін шындыққа жақын болжам. Есеп үшін құралған көп цифр­ларға қарағанда жөнді. Дамыған Еуропа елдері медиандық көр­сеткіштен гөрі модальдық көр­сеткішті құп көріп жатады. Яғни, қоғамда қай мөлшердегі жалақы көп кездеседі, соны ала­ды. Сон­дай-ақ Еуропада ме­­­диан­­дық жа­лақы көрсет­кішінің 50 пайызы елдегі ең аз жалақы болуы керек десе, көрші Ресей медиандық жалақының 40 пайызын ең тө­менгі күнкөріс деңгейі ретінде алады. Егер бұл тұрғыдан қарасақ, Қазақстанда ең аз жалақының өзі 70 мыңнан кем болмауы тиіс. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 мыңнан асуы қажет. Бізде ең төменгі күн­көріс үшін 32 мыңнан аса теңге ғана қаралған, – дейді маман. Айтпақшы, Қазақстанда мо­­­даль­дық жалақы 170 мың теңге мөлшеріне жетіпті. Бір қы­зығы, алдыңғы жылы ең жиі кездесетін жалақы 58 мың теңге болған еді. Одан бөлек, жалақы мәселесіне келгенде гендерлік теңсіздік те аңғарылып қалған тәрізді. Мә­се­­лен, 2020 жылы елімізде ер-аза­мат­тардың ме­­диандық жа­лақы мөлшері 151,6 мың теңге, әйел­дердікі 134,1 мың теңге болыпты.

мадиярМадияр ТӨЛЕУ