Қордай. Қақтығыс. Қаза (фоторепортаж, видео)  
Қордай. Қақтығыс. Қаза (фоторепортаж, видео)  
Фото: azattyq.org
704
оқылды
Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы жанжал 5 ақпанда басталған. Жаппай төбелестің басталуына Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары «80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматура, балғамен ұрып, басын жарғаны» туралы ақпарат тарағаннан басталған. Qamshy.kz-тің жазуынша,  80 жастағы қарияның ұлы Нұрлан Төлегенұлының айтуынша, ағалы-інілі екеуі қарт әкесін алып көрші ауылға көз дәрігеріне бара жатқан. [caption id="attachment_12017" align="alignnone" width="960"] width= Соққыға жығылған 80 жастағы қарияның ұлы Нұрлан Төлегенұлы[/caption]
«Менің әкем 78 жастағы мүгедек. 5 ақпанда сағат 11:00-де Шүртіп ауданының ауруханасына бару керек болған. Ағам екеуміз әкемді көлікпен ауруханаға апара жатқан едік. Масаншы мен Сортөбенің арасындағы трассаның бойында келе жатсақ, алдымыздан бір жігіт «тоқта, тоқта» деп жүгіріп шықты. Мен тоқтадым. Не болғанын сұрағанымда «соқырсың ба?» деп балағаттап, ұрса бастады. Кейін көлігімнің мемлекеттік нөмірін теуіп, жерге түсіріп тастады. Кейін мен түсіп, әлгі жігітті итеріп, көлігімнің нөмірін жерден көтердім. Кейін тағы біреуі келіп мені қылқындыра бастады. Сөйтсем мені қылқындырған жігіт әлгі жігіттің бауыры екен. Сосын мені ұрып-соға бастады. Сосын көліктен ағам шықты. Қасымызға тағы бір балға ұстаған адам келді. Жалпы 4 адам ағам екеумізге жабылды. Дүнгендер көбейіп кетті. Көліктен әкем түскен кезде бізді бірнеше дүнген ұстап тұрды да, біреуі барып әкемді тепті. Әкем демікпемен ауырады. Кейін мен әкемнің жанына жүгіріп бара жатқан кезде ағамның басын таспен ұрып жарды. Қасымыздағы дүнгендердің саны 10-нан асып кетті», –  дейді қарияның ұлы. 
 width= Дереккөздің жазуынша, оқиға орнына полицей Саят Сүлейменов келген. Артынша жедел жәрдем шақыртқан. Жәбірленушінің сөзінше, әкесі Төлеген Құлашбаев қазір ауруханада жатыр. 78 жастағы қарияның жамбас сүйегі сынған.
 width=Фото: Әлихан Сариев
Осы жағдайдан соң ауылда дүрбелең басталған. Әлеуметтік желіде полицейлердің таяқ жеген видеосы тарап кетті.

Жамбыл облысындағы оқиғаға қатысты ресми мәлімдемені ең бірінші болып Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасады.

https://www.facebook.com/AkordaPress/videos/201350267723178/?t=0 Видео: "Ақорда" ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған оқиғаға қатысты қазақстандықтарға үндеу жариялады.

«Құрметті қазақстандықтар! Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды. Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды. Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды. Осыған орай, мен Үкімет комиссиясын құруды тапсырдым. Оған Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді. Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды. Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады. Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады. Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім. Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді», – деді.

 width= Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди: «Негізі, бәріне 5 ақпандағы оқиға түрткі болған. Екі ауылдың тұрғындары арасында кикілжің туындады. Ол күні Масанчиде үш адам мінген көлік жолмен келе жатқан, тағы үшеуі жүк көлігімен ауладан шығып жатса керек. Сөйтіп, біреуі екіншісіне жол бермей, жанжал туындаған. Әдеттегідей, сөзден басталған кикілжің төбелеске ұласып кетті», – деді.   https://youtu.be/a1VpzP3DXJo  

Оның айтуынша, сол күні полиция келіп, кінәлі адамдарды анықтады. Біреуі қамауға алынса, екеуінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Жанжалға қатысқандардың ішінде жасы үлкен ер адам да болды. Оның жамбас (кейбір деректерде санынан жаралаған) сүйегі сынған. Дәл осы кикілжіңнің видеосы маңайдағы ауыл тұрғындары арасында тарап кеткен, – деп жазады «Спутник Қазақстан.

 width=
Фото: Әлихан Сариев
 width=
Фото: Әлихан Сариев
«Ол жақта әрбір ауылдың өз чаттары бар. Видео сол чаттарда таралып кеткен ғой. Егде жастағы адамның соққыға жығылғаны, сосын арандатушылардың теріс пікірлері бар. Осының бәрі екі күн бойы чаттарда жинала берген, жинала берген. Ал чаттарда қызу қанды жастар көп қой. Ауылдар да бір-біріне жақын орналасқан. Сөйтіп, жұма күні кешке қарай бәрі жұмыстан келгесін жиналып, Масанчиге шығып кеткен», – деді Калайчиди.  width=
Фото: Әлихан Сариев
Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылындағы оқиғаның толық хронологиясын айтты.    width=
Фото: Әлихан Сариев
«7 ақпан күні сағат 19.00-де Масаншы ауылының маңында жергілікті тұрғындар арасында бұзақылық ниетпен топтық төбелес болып, оған 70-ке жуық адам қатысты. Жанжал орнына Қордай полиция бөлімінің қызметкерлері келді», – деді Калайчиди ОКҚ брифингінде.    width=
Фото: Әлихан Сариев
Оның айтуынша,осы уақытта арандатушылар мен куәгерлер оқиғаны таспаға түсіріп, түрлі түсініктемелермен әлеуметтік желілерге жіберді.    width=
Фото: Әлихан Сариев
«Бұл қақтығыстың ушығуына және оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын тартуға себеп болды. Бұл шамамен – 300 адам. Осыған байланысты Ақтөбеден Масаншы ауылына құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы үш ауданнан қосымша күштер жіберілді.    width=
Фото: Әлихан Сариев
Сонымен қатар, агрессивті жастар полицейлердің заңды талаптарына бағынудан бас тартып, тастарды, металл заттарды және тіпті атыс қаруын қолданып, белсенді, қасақана қарсылық көрсетті», – деді Калайчиди.  width=
Фото: Әлихан Сариев
Бірте-бірте жанжал Ауқатты және Бұлан батыр ауылына таралып, үйлерді өртеп жіберді.    width=
Фото: Әлихан Сариев
«Оқиға орнына Ұлттық гвардия қызметкерлері келіп жетті. Өкінішке қарай, жаппай тәртіпсіздік кезінде 10 адам қаза тауып, 43 адам ауруханаға жатқызылды. Қазір ауруханаларда 39 адам бар. Қаза болғандардың жақындарына көңіл айтамын», – деді министрдің орынбасары.    width=
Фото: Әлихан Сариев
7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылық ниетпен топтық төбелесті арандатушыларды пайдалануға тырысқанын мәлімдеді.    width= Нәтижесінде, жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысты. Қақтығыс Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарына да ойысты. Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруын қолданды.    width= 8 ақпанда жаппай тәртіпсіздік барысында ондаған қатысушы дене жарақатын алып, оқ атқан, 8 адам алған жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу бойынша қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлері түрлі жарақат алды. Оның ішінде екеуі атыс қаруынан жараланды.    width=
Фото: Әлихан Сариев
Алдын ала мәліметтер бойынша өртпен ұштасқан бұзақылықтың салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда объектісі, 23 автокөлік зақымданды.    width= Түнде Қырғызстан-Қазақстан шекарасында орналасқан Қырғыз Республикасы шекарашылары қызмет атқарудың күшейтілген режимге көшірілді.    width= Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінде Қырғыз Республикасымен шекараның жабылуы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін, шекара бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Соңғы мәліметке сәйкес, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда үйі мен 23 көлік зақымданды. Кеше сағат 21:00-ден бастап Қордай ауданында төтенше жағдай енгізілді.  width= Кеше ұсталған адамдардың көбісін босатты. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр. (Материалда: "Ақорда", "Азаттық радиосы", tengrinews.kz, әлеуметтік желілер, "Спутник Қазақстан", Әлихан Сариев, Азамат Ерғали, Асылхан Мамашұлы, Бауыржан Жуасбаевтың фото, видеолары пайдаланылды)