Арзан ойыншыққа әуес болмаған жөн
Арзан ойыншыққа әуес болмаған жөн
289
оқылды

«Солтүстік Қазақстан облысында бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар сатылған. Атап айтқанда, аймақтағы дүкендер мен базарлардың сөресінде құрамында фенол бар ойыншықтар анықталған. Улы қуыршақтар мен көліктерден балалар дем ала алмай, көздері қызаруы мүмкін. Әдетте сапасыз әрі балалардың денсаулығына қауіпті ойыншықтар Қытайдан әкелінеді. Былтыр да СҚО-да жүздеген ойыншық жойылған еді.

Петропавл қаласының тұр­­­ғыны Наталья Некрасова улы ойыншықтарды байқап қалғаны туралы былай дейді. «Ойыншықта өткір иіс барын байқадым. Олар­ды тез арада тастадық. Өйт­кені иісі жаман болған­­­дықтан, оны балаларға беру­­ден қорықтым. Арзан ойын­­­­шық­тарды өте сирек аламыз. Кейін балалар зардап шекпес үшін қым­­­­­батын алған дұрыс», – дейді тұрғын. «Алынған сынаманы зерттеу кезінде фенол концен­­трация­­­сының 13 есе артқаны анықталды. Баланың көзі қызарып, ауыз және мұрын шырышты қабығы қабынуы мүмкін. Ұзақ уақыт ой­наған кезде баланың тыныс алуы қиындайды», – дейді СҚО са­нитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тех­ни­­калық регламенттер талап­­тарын бақылау бөлімінің бас­­­шысы Данияр Оспанов. Сарап­­­шылар ойыншықты сатып алмас бұрын мұқият тексеруді ұсынады. Өнім­­нің толық сипаттамасы бо­­­луы керек. Зиян қоспалар нор­­ма­дан асса бала улануы мүм­кін. Ата-аналар сату­­­­шы­­­лар­­дан өнім сер­­­тификаттарын талап ете ала­­ды. Данияр Оспанов са­­­тып алу ал­­­дында ойыншықтың иісіне мән беруді ұсынды. «Егер ол улы бол­­­са, онда ол бу шы­­­ғарады және ол сезіледі. Фенол қосылған ойын­­­­­­­шықтар аз у­­­а­­қыттан кейін жа­­­ғымды, тәтті иіс шығарады», – деп қосты Д.Ос­панов.

Қ.САПАРБАЙ