Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтады
Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтады
155
оқылды
UFC президенті Дана Уайт ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовке (29-0) тиесілі жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеудің (70 кг) вакантты болғанын ресми хабарлады.
"29-0. Ол карьерасын ресми түрде аяқтады, 100 пайыз. Сенің қалай жұмыс істегеніңді көру керемет болды, бәріне рақмет, одан әрі болатын жағдайлардан ләззат ал, досым", – деп жазды Дана Уайт.
Енді жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу бос тұр. Оны Чарльз Оливейра мен Майкл Чандлер UFC 262 турнирінде өзара сарапқа салады. Хабиб Нурмагомедов UFC-дегі алғашқы кездесуін 2012 жылдың қаңтарында өткізген. Тоғыз жыл ішінде файтер промоушнде 13 рет жеңіске жетіп, 2018 жылдың сәуірінде чемпиондық титулға ие болды. Соңғы үш жылда чемпиондық белбеуін үш рет сәтті қорғады.