Денсаулық сақтау министрлігі елімізде медициналық масканың неліктен жетіспей жатқанын түсіндірді.
– Кәсіпкерлер мен алыпсатарлардың запастағы медициналық маскаларды Қытай Халық Республикасына сатқаны анықталды. Осыған байланысты масканы шетелге экспорттауға тыйым салынып отыр, – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Оның айтуынша, жетіспей жатқан тауар түрі шетелден импортталады. Бір ғана Шығыс Қазақстанға 2 миллион дана медициналық маска алынбақ.
Еске салайық, бұған дейін облыс тұрғындары маска тапшылығына байланысты алаңдаушылық білдірген болатын.
Дәурен Аллабергенұлы,Шығыс Қазақстан облысы