«Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматтың жағдайы ауыр, бірақ, тұрақты. Жансақтау бөлімінде денсаулығын бақылап отырмыз. Екеуі де есін жиды», – деді Сағи Бейсенбеков.
Биыл 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақта болған 4 адам қаза тапты, 2 адам ауруханаға жеткізілді.