Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты   
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты    
282
оқылды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты.

Жаңа қаулыға сәйкес ҚР азаматтарының шет елдерде демалуына байланысты Қазақстанда COVID-19 таралуының алдын алу жөнінде қосымша шаралар қабылданады. ҚР-ға шет елден келетін адамдарға қойылатын талаптар өзгергені туралы туроператорлар хабардар етеді. Сонымен қатар республиканың барлық өңірінде 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы бала санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға болады.

"Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:

жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-сыныптан бастап 7-сыныпты қоса алғанда, мектепалды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, "1 сынып – 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау)", – делінген қаулыда.

Қаулыда вакцинация екі кезеңмен жүргізілетіні жазылған. «Ең алдымен I компонентпен 0,5 мл. дозада, содан кейін 3 аптадан кейін (вакцинация күнін есептемегенде 21-күн) - II компонентпен 0,5 мл. дозада; бұл ретте, 21-күні II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге жолға шығу және т.б.) егуді келесі 7 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; I және II компоненттерді енгізу арасындағы аралықты негізсіз ұзартуға жол бермеу ұсынылады, себебі, бұл иммундық жауаптың қалыптасуына және вакцинацияның тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. Жекелеген жағдайларда 21-күні II компонентпен егу жүргізу мүмкіндігі болмағанда (ауру, жолға шығу және басқалары) I компонентпен егуден кейін 60 күнге дейінгі кезеңде II компонентпен егуді жүргізуге жол беріледі», – деп жазылған. Қаулы 2021 жылғы 26 наурызда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.