Атырауда жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде аман-есен босанды
Атырауда жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде аман-есен босанды
5,328
оқылды

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 21 наурызда сағат 21:50-де жедел медициналық жәрдем стансасының диспетчерлік қызметіне 30 жастағы әйелден шақырту түскен.

Жедел жәрдем шақырған әйел жүктіліктің 38-39 аптасында болған. Фельдшерлік бригада 9 минутта жеткен. Дәрігерлер әйелдің денсаулығын тексергенде бірнеше сағат бойы толғатқанын анықтады. Жедел жәрдем көлігімен перзентханаға бара жатқанда жүкті әйел босанып қалды. Қыз бала дүниеге келді. Жаңа туған нәресте мен анасы Атырау қалалық перинаталды орталыққа жатқызылды.

Бұған дейін Атырауда тірі туған сәбиді тоңазытқышқа салып өлтірген дәрігерлер жайында жазған болатынбыз.