Карантинде тойға барған Қайрат Нұртас қанша айыппұл төлейді?
Карантинде тойға барған Қайрат Нұртас қанша айыппұл төлейді?
5,273
оқылды

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, әншіге 30 АЕК, яғни, 87 510 теңге айыппұл салынды.

«Алматы қаласындағы рейд барысында мониторингтік топ ойын-сауық мекемелерінің бірінде 80-нен астам адамның қатысуымен өтіп жатқан туған күнді анықтады. Келушілер арасында Қайрат Нұртас та болды. Ол да қонақтармен бірге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру үшін Полиция басқармасына жеткізілді. Барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды», – деді Сәдуақас Байғабұлов.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың Семей мен Алматыда өткен тойда болғаны туралы жазған болатынбыз.