Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр жолындағы апаттан жеті адам зардап шеккен
Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр жолындағы апаттан жеті адам зардап шеккен
184
оқылды

Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 7 адам зардап шекті. Оның екеуі – бала.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты наурыздың 23-інде Нұра ауылынан 10 шақырым жерде, яғни Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр автожолының 48 шақырымында болған.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары анықтағандай, Нұр-Сұлтан қаласы бағытында жүріп бара жатқан Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғыны «Газель» көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Lada Largus» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылары (барлығы 7 адам, оның екеуі бала) зардап шегіп, Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жеткізілді»,– деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.