Сіз кімсіз, Алмасадам Сатқалиев мырза?
Сіз кімсіз, Алмасадам Сатқалиев мырза?
361
оқылды
Алмасадам Сатқалиев 33 жасында ТМД-ның "Еңбек сіңірген энергетигі" атанды. Сонымен бірге ол "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері. 2018 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" қорының активтері бөлімін басқарған. Алмасадам Сатқалиев ұзақ уақыт KEGOC-та түрлі лауазымды қызмет атқарды, Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі және KAZENERGY басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Биыл наурыздың басында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол 1992 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да механик, қолданбалы математик мамандығын оқыды. 2013 жылы РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында экономика магистрі атанды. 2015 жылы Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебі (Duke университетінің Фукуа бизнес мектебінің бағдарламасымен қоса) әкімшілік басқару (басқарушы кадрлар үшін) мамандығының магистратурасын тәмамдады. 2016 жылы Стэнфорд Жоғары бизнес мектебінің басқарушы кадрларға арналған бағдарламасын оқыған. "ТМД кеңістігінде экономикалық интеграцияны тереңдету жағдайында Қазақстан энергетикасын дамыту стратегиясы" тақырыбында және "ҚР құбырсыз көлігіндегі инвестициялық жобаларды жоспарлау" тақырыбында диссертация қорғады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Отбасы

Алмасадам Сатқалиевтің бес баласы бар. KEGOC АҚ-ның 2018 жылы жариялаған мәліметі бойынша, әкесі Майдан Сатқалиев пен анасы Валентина Сатқалиева – зейнеткерлер. Валентина Сатқалиева 1969 жылы Киев халық шаруашылығы институтында "Қаржы және несие" мамандығын үздік бітірген. Еңбек жолын Алматы қалалық қаржы бөлімінде экономист ретінде бастаған. Ол 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалған. [caption id="attachment_123767" align="aligncenter" width="715"]Валентина Сәтқалиева Валентина Сатқалиева. Фото: Кazpravda.kz[/caption] KEGOC-тің 2018 жылғы дерегі бойынша, әйелі Марфуға Сатқалиева – "Алтын мұнай Ltd" ЖШС-нің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 26 жастағы үлкен ұлы Әсет Майданов "Қазақтелеком" АҚ "Алыс байланыс" бірлестігі тауар-материалдық қорларды есепке алу қызметінің бухгалтері.  Ағасы Андас Сатқалиев "ҚазТрансГаз" АҚ активтерді басқару департаменті директорының орынбасары қызметін атқарады. Алмасадам Сатқалиевтің Әсеттен басқа 18, 13, 8 жастағы ұлдары мен 16 жастағы қызы бар.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру туралы

Алмасадам Сатқалиев былтыр қордың активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы кезінде активтерді жекешелендіру туралы мынадай түсінік берген: [caption id="attachment_123762" align="aligncenter" width="799"]Алмасадам Сәтқалиев Алмасадам Сатқалиев. Фото: Inform.kz[/caption] "Бүгінгі таңда пандемия әсерінің нәтижесінде инвестициялық нарыққа айтарлықтай әсер ететін капитал нарығы белгісіз. Мұндай жағдайда қордың активтерін жекешелендіру әділ құн тұрғысынан да, орналастыру мөлшері жағынан да қауіпті. Сондықтан біз қордың жалғыз акционері – ел Үкіметіне 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарында көзделген мерзімдерді өзгертуді ұсындық. Өздеріңіз білетіндей, біздің бастамамыз толықтай қолдау тапты", – деді ол. Былтыр қор «Қазақтелеком» акцияларының 10%-ын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға сатты. Алмасадам Сатқалиевтің айтуынша, бұл шешім мемлекеттің стратегиялық салада орнын сақтап қана қоймай, салымшылардың қаражатына кепілдік береді. Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Қазына» активтерін 2020 жылы ІРО-ға шығару қауіпті екенін айтты. Қазір ІРО-ға қойылған жағдайда компаниялар баға және көлемі жағынан Үкімет қойған параметрлік базаларға жетпей қалуы мүмкін. Оның айтуынша, биыл жекешелендірілетін ірі активтердің ішінде тек «Қазпошта» мен «Самұрық Энерго» бар. Ал 2022 жылы Air Astana мен Qazaq Air, сонымен бірге «Самұрық-Қазынаның» тау-кен компаниясы, 2023 жылы «Қазақстан темір жолы» жекешелендірілмек. "Азаттық" радиосының хабарлауынша, былтыр есеп комитеті қордың мемлекет ресурсын дұрыс жұмсамай жатқанын сынап, қордың табысы (салық, материалдық активтердің тозуы және экономикалық амортизацияны шегермегенде) 2017 жылғы көрсеткіш – 18,7 пайыздан 16,5 пайызға түсіп кеткенін мәлімдеген. Сол кезде сатып алу процедураларының ашық еместігі де айтылды. Есеп комитеті былтыр жыл басында "ҚазАгро" және "Бәйтерекпен" бірге "Самұрық-Қазынаның" да жұмысын тексеретінін айтқан. Комитеттің хабарлауынша, холдингтердің қаражатының басым бөлігі бәсекесіз жолмен жұмсалып жатыр. Дивидендтік саясатында жүйелі кемшіліктер бар. Мемлекетке төленген дивидендтер көлемі алынған таза табыспен сәйкес емес.

«Самұрық-Энерго» АҚ ұлттық оператор бола алды ма?

Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Энерго» АҚ-ын басқарған кезінде компанияның стратегиялық жоспары туралы сұхбат берген. Онда ол компанияны электр энергиясын шығару мен көмір өндіруде ұлттық операторға айналдырғысы келетінін айтқан. [caption id="attachment_123780" align="aligncenter" width="900"]Алмасадам Сатқалиев Алмасадам Сатқалиев. Фото: Finance.kz[/caption] "Біз электр энергиясын шығару мен көмір өндіруде ұлттық операторға айналамыз. Алайда, аталған тұста тарифтік әдістемені жетілдіріп, иесіз қалған желілерге қатысты түйткілдерді тарқату қажет. Мемлекетаралық электр энергиясы саудасының өзекті мәселелерін де шешкен жөн. Өзге елдердегі сияқты осы бағытта қимылдаған абзал. Мұнда мысал көп. Белоруссияда «Белэнерго», Ресейде «ИнтерРАО». Оларға электр энергиясын мемлекетаралық қатынаста саудалау саласында монополия қызметі жүктелген. Бізде әзірге бұл сұрақтар әлі толық реттелмеген. Салдарынан үлкен кірістерден қағылдық. Ұлттық оператор ретінде контрагенттермен келіссөздерде біз мықты ойыншы боламыз. Негізі, электр энергиясын жеткізуде негізгі энергетикалық хабқа айналатындай теңдессіз мүмкіндігіміз бар. Бүгінде біздің өнімге Белоруссия мен Ресей зәру. Бұл биік белестердің басы ғана. Біздің болжамдауымызша, 2018 жылдан бастап, Қазақстанда маусымдық сұраныстан тыс электр энергиясының экспорттық әлеуеті пайда болмақ",– деген ол. Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстандағы электр энергиясын экспорттау-импорттау бағыты Ресей болды (Ресейге экспорт – 1273,6 млн кВт.сағ, Ресейден импорт – 1407,1 млн кВт.сағ).

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіруші компанияларының бәсекелес ортаға электр энергиясын өндіру көлемі 2019 жылы 52,5 млрд кВтс болды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда (52,2 млрд кВтс) 1,2 млрд кВтс аз.

Қазақстанның ірі өндірушілерінің электр энергиясын өндіруі, млн кВтс

Атауы 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. Ауытқу ҚР-дағы үлесі, %
1 «Самұрық-Энерго» АҚ 27 760,3 31 703 30 200,3 –1 502,8 28,5 %
2 ERG 19 264,6 19 573,9 18 545,0 –1 028,9 17,5 %
3 ОАЭК» 7 299,9 7 025,7 7 032,8 7,1 6,6 %
4 «Қазцинк» ЖШС 7 437,1 3 271,6 3 093,2 –178,4 2,9 %
5 «Казахмыс Энерджи» ЖШС 6 756,3 6 437,0 7 443,6 1 006,6 7,0 %
6 «ККС» ЖШС 6 102,5 6 376,8 6 645,4 268,6 6,3 %
7 «Жамбыл ГРЭС» АҚ 2 552,3 1 792,4 1 878,8 86,4 1,8 %
Алмасадам Сатқалиев ешбір әлеуметтік желіден табылмады.