Жамбылда 30 аула су астында қалды
Жамбылда 30 аула су астында қалды
143
оқылды

Бір ғана Тараз қаласының өзінде жаңбыр мен тазартылмаған арықтардың салдарынан 17 ауланы су шайып кетсе, бүгінде Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті билік өкілдерінен құралған 39 адам, 9 техника және 9 мотопомпа апат салдарымен күресуде.

Бұдан бөлек, Жуалы ауданында 2 сағат 49 минутқа созылған жауын-шашыннан  Қоңыртөбе ауылындағы ауланы су алып, Майбұлақ ауылындағы бес үйдің ауласын су басқан.  Ал  Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы  бес үйдің ауласына су кіріп, су деңгейі 18-20 сантиметрге көтерілген.   су Қазір ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен барлығы 22 адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа суды сору, арық жүйесін тазалау сынды жұмыстар жүргізуде.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы