Басшыны қорғап, көшеге шықты
Басшыны қорғап, көшеге шықты
113
оқылды

Атырауда көпбалалы және әлеу­мет­тік аз қамтылған отбасылар мен мүге­дек­тер пара алды деген күдік­пен ұстал­ған басшыны босатуын талап етіп, сот ал­дында жиналды. Бұл шенеунікті жақ­­таған жұрт­шылықтың тарапынан болып тұрған бірінші жағдай.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл департа­менті об­лыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қами­долланы ұстауға қатысты оқиға жергілікті халықтың назарын аударды. 25 наурыздан бері әлеуметтік желіде Серік Қами­долланың басшылық қызметте халық­шыл болғаны туралы дәйекті мысалдар жазы­лып жатты. Ал жексенбі күні об­лыстағы көп­бала­лы аналар мен мүге­дектер, ерекше бала­лары бар аналар облыстық қылмыстық істер маман­дандырылған ауданаралық соты ал­дын­да талаптарын жеткізуге жиналды. Парамен ұсталған шенеунік аз емес, бірақ осындай күдікпен ұсталған шенеу­нікті боса­туды талап ету өңірде бұрын болмаған жағдай. С.Қамидолланы қолдап, қорғауға келгендер оны боса­туды, айыптар дәлел­денгенше ең болмағанда үй қама­ғында болуын талап етті. Жинал­ған­дардың айтуынша, С.Қамидолла өз қыз­метін жауап­кершілікпен атқарып отырған, көп­теген адамға кө­мек­тескен және облыстағы әлеуметтік аз қамтылған, мүге­дектер мен өзге санат­тардағы адамдардың тұрмыс жағдайын жетік білетін басшы. Жұрт­шылық, тіпті пандемия кезінде әкімдерден бұрын өз­деріне С.Қамидол­ланың тарапынан көп көмек бол­ғанын айтты. – Біз мұнда С.Қамидолланы қолдау үшін келдік. Мен екі мыңға жуық оқыр­маны бар Telegram арнасындағы аналар чатының әкімшісімін. Біз Серік Қами­дол­ла пара алды дегенге сенбейміз және оған жала жабылды деп есептейміз. Басқа шенеуніктерге қарағанда ол біздің бар­лық сұраққа жауап беріп отырды, өтініш­терді жерге тастамайтын. Ол – ха­лықтың адамы. Біз оның босатылуын талап ете­міз, – деген Сандуғаш Көке­нованың сө­зін қариялар мен көпбалалы аналар қостап, басшыны босатуды талап еткен үн­деу пла­каттарын ұстап сағаттап тұрды. Осы адамдардың барлығы дерлік Аты­рау қалалық Полиция басқарма­сының ғимараты алдына жиналды. Олар Қами­долланы үй қамаққа шығаратынын үміт­пен күтті. Атырау басшы Жұртшылықтың бірігіп, жиылып, талап етуі себеп болды ма, 28 наурызда сот облыстық Жұмыспен қамтуды үй­лест­іру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік Қами­доллаға қатысты 2 айға үй қамаққа алу туралы шешім шығарды. Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департа­менті «2020-2021 жылдар аралығында ЖШС директорынан шетелдік жұмыс күшіне және жалпы қамқорлыққа рұқсат беруге көмек­тес­кені үшін пара алып отырған «Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасы» ММ басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде, өзге ақ­парат жариялауға жатпайды», – деген ресми мәлімет берген болатын. Үй қамаққа шық­қан С.Қами­дол­ланың қорғау­шысы Нұр­лан Жол­болов­тың айтуынша, шенеуніктің шетелге қатысы бар ком­панияларға төртінші са­нат­қа рұқсат беруді тоқтатқаны  әл­де­кімдерге жақпаған. ­Қорғаушының айтуынша,  шенеунік шетелден келетін қара жұмыцсшыларға берілетін квотаны қысқартып тастаған көрінеді. «С.Ками­долла арнайы комис­сия­ның отырысында шетелдік компания­ларды таңғалдырып, «өзімізде то­лып жатқан мамандарды шетелден ша­қыру­дың қажеті қандай?» деген сұрағын төте­сі­нен қойып, Еңбек ми­нистрлігіне жі­беріле­тін сұраныстағы «4 санат» деген ба­ған­ды сызып тас­тап, «әр шетелдік жұмыс­шыға 500 000 тең­ге» деп, бір­қатар адамдарды асырап отыр­ған пайда­ның жолын жауып тастады. Менің ойым­ша, оның тергелуіне осы оқиға себеп болуы ықтимал деген Нұрлан Жолболов ха­лықты ашулан­дыруға болмай­тынын айт­ты. Сайып келгенде, соңғы жылдары ұзақ уа­қытқа созылатын тергеу-тексеру істері көбей­ген Атырауда тағы бір күрделі іс басталғаны анық.

Tyrsin

     

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы