Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға бүгін таңертең Мәскеу көшесіндегі 43-үйде болды.
Сағат 09.24-те жедел жәрдемге шақырту түскен. Бригада 5 минутта оқиға орнына жетті. 39 жастағы әйел 11 жастағы қызы, 5 жасар және бір жасқа толмаған ұлымен орта дәрежелі табиғи газдан уланған.
Балалар анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр.
Ал газдан уланған 65 жастағы ер және 64 жастағы әйел адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.