Сондай-ақ депутат қоғамдағы отбасы құндылығы, ұлттық тәлім-тәрбие туралы мәселені қозғады.
Бұған дейін Қазақстанда жынысын өзгерткісі келетіндер үшін 2003 жылы рұқсат берілгенін жазған болатынбыз. Былтыр қабылданған жаңа ереже онсыз да бар бұйрыққа толықтыру енгізген. Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, елімізде 2009-2017 жылдар аралығында 25 адам, 2017-2019 жылдары 10 адам жынысын ауыстырған. https://youtu.be/vzByKZRrnvcВидео: Qazaqstan ұлттық телеарнасының Facebook-тағы парақшасынан алынды.
Тек Алматыдағы Б.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында жасалған оталардың дерегі министрлікке жетеді.Көбіне жынысын ауыстырғандардың нақты дерегі жайлы Денсаулық сақтау министрлігі хабарсыз. Себебі операция шетелде немесе жекеменшік клиникаларда өтуі мүмкін. Ал олар ведомствоға есеп бермейді.