Даудың басы Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың Қызыл кітапқа енген қар барысының терісінің жанында түскен фотосынан басталды.
Істің анық-қанығын Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.
«Алмалы аудандық полиция басқармасы аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабына «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалануға» сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаймыз. Алайда ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді» делінген ресми хабарламада.
Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың қар барысының терісімен түскен фотосын ең бірінші спортшы Жанкош Тұраров Instagram-дағы парақшасында жариялады.
[caption id="attachment_124587" align="aligncenter" width="750"] Фото: Жанқош Тұраровтың Instagram-дағы парақшасынан алынды[/caption]
Фото көпшіліктің сынына ұшыраған соң Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру жүргізілетінін хабарлады. Жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын тексеруді бастады.