Президент Цой мен Үкімет мүшелеріне ескерту жасады
Президент Цой мен Үкімет мүшелеріне ескерту жасады
221
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен бүкіл Үкімет мүшелеріне ескерту жасады. 
«Алексей Владимирович, бұған дейін сізге дәл қазіргі кезеңде Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметтегі басты фигура екендігін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілетіңіз бар. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз. Дегенмен, одан кейін қарқынды айтарлықтай төмендетіп жібердіңіз. Сәуір бойы сіз жағдайды дұрыстауыңыз қажет. Олай болмаған жағдайда, сіздің көңіліңізді қатты қалдыратын кадрлық шешім қабылданады. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес, сонымен бірге бүкіл Үкіметке қатысты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы елімізде коронавирус инфекциясы қатты өршігенін, жағдайымыз өте күрделі екенін айтқан болатын.