Аурудың алдын алу үшін берілген тапсырмалар орындалған жоқ – Президент
Аурудың алдын алу үшін берілген тапсырмалар орындалған жоқ – Президент
224
оқылды

Жиында карантиннің экономикаға кері әсері, халықтың әлеуметтік мәселесі, денсаулық сақтау саласында қаржы бөлінсе де, қадағалаусыз қалған проблемалар қаралды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент коронавирустың таралуына, әсіресе, шетелден келген жолаушылардың үлес қосып отырғанын, ПТР тест анықтамасы жоқ жолаушылардан мутацияға ұшыраған үш бірдей штам анықталғанын айтты.

«Мен елімізге мутацияланған штамдардың кірмеуі үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырған едім. Елімізге келетін азаматтардан ПТР тесттің теріс нәтижесі қатаң түрде талап етілуі тиіс болатын. Алайда бұл тапсырмалар орындалған жоқ. Ақпан айынан бері ПТР зерттеулерінің қорытындысын алмаған әуе жолаушыларының саны екі есеге көбейген. 2020 жылдың қараша айында Қазақстанға келген ПТР анықтамасы жоқ азаматтардың үлесі 7,3 пайыз болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 27 пайызға жетті! Нәтижесінде елімізде жұғу қаупі өте жоғары мутацияға ұшыраған үш бірдей штам расталды, – деді Президент.

Бұған дейін Індетпен күресудің сенімді жолы – вакцина салғызу екенін жазған болатынбыз.