Қазақстандықтар "мәйітке толы" жүк көлігінің видеосын талқылап жатыр
Қазақстандықтар "мәйітке толы" жүк көлігінің видеосын талқылап жатыр
254
оқылды
Қазақстандықтар қара пакеттермен оралған адамдардың денелері салынған жүк көлігі түсірілген бейнероликті талқылауда. Бұл ретте «мәйіттердің» бірі темекі тартып жатыр, ал жүк көлігінің ішіндегі екі ер адам үстеріндегі қара пакеттерді түзетуде. Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді. Бұл пікір – фейк. Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Ролик 30 наурызда жарияланған және онда «Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі» деп жазылған. Рэпер Хаскидің «Никогда-нибудь» әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл осы таратылған роликтегі көлік.  Демек, видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ, сондай-ақ бұл көркем музыкалық бейнежазба  және шындыққа жанаспайды.