Елордадағы кинотеатрлар мен қонақүйлерде егу пункттері ашылуы мүмкін
Елордадағы кинотеатрлар мен қонақүйлерде егу пункттері ашылуы мүмкін
137
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-да бизнес өкілдерімен кейбір бизнес субъектілеріне жұмыс істей беруге мүмкіндік беретін «Ashyq» жобасын масштабтау мәселелері талқыланды. Бұл жайында елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Коронавируспен күресте өте маңызды әдіс – вакцинация мен ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Бірінші кезеңде екпені коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция қызметкерлері алып жатыр.
Сәуір айынан бастап халықты вакцинациямен кеңінен қамтуға кірісеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармациямен» бірлесе халықты барынша қамту үшін қалаға вакциналардың қосымша дозасын жеткізеді" , - деді А.Көлгінов.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілік танытып, егу пункттерін арттыру үшін өз алаңдарын ұсынған екен. Атап айтар болсақ, Нұрлан Смағұлов «Mega Silk Way» СОО кинотеатрларын егу пункттеріне жабдықтауды ұсынған. "Сол үшін қаланың санитарлық дәрігеріне, басқармаларға барлық қажет инфрақұрылымды дайындауды тапсырдым" деді қала әкімі.
Ashyq жобасын масштабтау
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіледі. Мысалы, бейінді ведомстволар бірқатар кәсіпкерлік объектілеріне QR-код беруге, кіреберісте келушілердің эпидстатусын сканерлеуге мүмкіндік беретін «Ashyq» мобильді қосымшасын іске қосты. Осылайша, қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіпкерлік объектілері өз қызметін қайта бастады.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бейінді органдар ШОБ-ты қолдаудың жекелеген салықтар мен кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, салықтық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру және т. б. сол сияқты қосымша шараларды қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Қаланың қалыпты өмірге тезірек оралу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды. Мұның бәріне санитарлық нормаларды қатаң сақтау арқылы қол жеткізуге болатынын түсіну керек. Барлық тәртіпті сақтай отырып қана қатаң карантиндік шараларды енгізбеуге болады», — деп жазды елорда әкімі.