Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 7 өңірдің «қызыл» аймақта екенін айтты.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары тұр.
«Оның ішінде, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақта 28 күн, Батыс Қазақстан облыстары 20 күн, Атырау облысы соңғы 2 апта, Ақтөбе мен Алматы облыстары соңғы апта бойы және Ақтөбе облысы соңғы тәулікте кірді», – деді Алексей Цой.
Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы – сары аймақта, қалған 8 өңір жасыл аймақта орналасқан.