Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды
306
оқылды

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Қазақстанға 6 сәуірде Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 31 халықаралық әуе рейсі келді.

Шет елден келген 4 388 жолаушының 4367-сінде анықтама болса, 21-інде жоқ. Алматыға – 15 рейс, 2 450 жолаушы, Нұр-Сұлтанға – 7 рейс, 748 жолаушы, Шымкентке – 7 рейс, 915 жолаушы, Ақтауға – 2 рейс, 275 жолаушы келген. Анықтамасыз келгендер COVID-19-ға ПТР тест тапсырды.

5 сәуірде шет елден 29 жолаушы анықтамасыз келген. Оның ішінде Дубайдан Нұр-Сұлтанға келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.