Анықтамасы жоқ жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды
Анықтамасы жоқ жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды
251
оқылды
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес анықтама ұсынбаған жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызылмайды.
"Карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды", – делінген құжатта.
«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД № 3 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
  • Халыққа вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және екпе алу процесін жеңілдету мақсатында осы әдістемелік ұсынымдарға 4-қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкес жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға жол беріледі
  • Егу бригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға күнделікті жүктемені ескере отырып – 300 екпеден асырмай құрылады.
"Бұл ретте, 1 егу бригадасының құрамына: 1 дәрігер, 1 егу мейіргері және қажет болған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: 1 фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), 1 егу мейіргері, қажет болған жағдайда 1 тіркеуші бар егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі", – делінген құжатта.
Қаулы 14 сәуірден бастап күшіне енеді.