Балқаш маңындағы жол апаты: полицей қаза тапты
Балқаш маңындағы жол апаты: полицей қаза тапты

Volvo жүк көлігін 41 жастағы жүргізуші, Kia Rio маркалы қызметтік көлікті облыстық патрульдік полиция батальонының 33 жастағы инспекторы жүргізіп келе жатқан. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Жол-көлік оқиғасынан қызметте болған 46 жастағы жолаушы Хайдар Оразбаев қаза тапты. Ол облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы болып жұмыс істеді. Арнайы көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – деді Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі. Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. Үйленген, төрт баласы бар.

Бұған дейін Щучинскіде жол апатынан қайтыс болған екі полицейдің өліміне себепкер болған ер адам сотталғанын жазған болатынбыз.