Жаз келмей жатып Қазақстанда дала мен орманды тілсіз жау жалмап жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қазақстандықтарды қазірден бастап өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды. Өз кезегінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы облысының Балқаш ауданы аумағындағы орман-дала өрті туралы шұғыл ақпарат таратты.
ТЖМ басшысының дерегінше, биылғы «өрт қауіпті кезең» басталғалы 7 орман өрті және 43 дала алқаптарының жануы тіркелді. Орман-дала өрттері Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында болды. Ал Экология министрлігінің дерегінше, Алматы өңірінде екі күн ішінде бірнеше өрт тұтанған. «Меморган бұл өрттің аумағы мен келтірілген залал көлемін өрт толық жойылғаннан кейін есептеп, қосымша хабарлауға уәде етті. Екінші өрт оқиғасы 15 сәуірде, түс кезінде болды: жалын Іле-Балқаш резерватының Іле сағасы филиалының Наурызбай кардонынан батыс бағытта, 10-15 шақырым жердегі жер қорында басталып, резерваттың 13 орамына, 1 теліміне ауысқан. Өрт болып жатқан жер – сулы-батпақты аумақ. ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли залал ауқымы анықталып жатқанын айтады. Өрт шаруа қожалықтарының аумағына және жеке демалыс базаларына дейін таралған.Ерік ЕРДЕНОВ