Орман-дала отқа оранды
Орман-дала отқа оранды
181
оқылды

Жаз келмей жатып Қазақстанда дала мен орманды тілсіз жау жалмап жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қазақстандықтарды қазірден бастап өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды. Өз кезегінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы облысының Балқаш ауданы аумағындағы орман-дала өрті туралы шұғыл ақпарат таратты.

ТЖМ басшысының дерегінше, биылғы «өрт қауіпті кезең» басталғалы 7 орман өрті және 43 дала алқаптарының жануы тіркелді.  Орман-дала өрттері Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыс­тарында және Алматы қаласында болды. Ал Экология министрлігінің дерегінше, Алматы өңірінде екі күн ішінде бірнеше өрт тұтанған. «Меморган бұл өрттің аумағы мен кел­тірілген залал көлемін өрт толық жойыл­ғаннан кейін есептеп, қосымша хабарлауға уәде етті. Екінші өрт оқиғасы 15 сәуірде, түс кезінде болды: жалын Іле-Балқаш резер­ваты­ның Іле сағасы филиалының Наурыз­бай кардонынан батыс бағытта, 10-15 шақырым жердегі жер қорында басталып, резерваттың 13 орамына, 1 теліміне ауыс­қан. Өрт болып жатқан жер – сулы-батпақты аумақ. ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли залал ауқымы анықталып жатқанын айтады. Өрт шаруа қожалықтарының аумағына және жеке демалыс базаларына дейін таралған.  

Ерік ЕРДЕНОВ