Вакцина салдыру дінге қарсы ма?
Вакцина салдыру дінге қарсы ма?
205
оқылды

Алматыда коронави­рус­қа қарсы вак­цинаны діни бір­лестік өкілдері де жаппай қа­былдап жатыр. Жалпы, қа­лада ислам мен христиан дінін ұстанушылардан өзге 15 діни конфессия бар. Бір­лестік өкілдерінің бар­лығы бір ауыздан вакцина салдыру ешбір дінге қайшы кел­мей­тінін айтып отыр. Сон­дық­тан сақтық шара­ларына түсі­ніс­тікпен қарауды сұрап жүр.

– Қаладағы имамдар жайлап салдырып жатыр. Бізде вакцина салдыру жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуәсі шықты. Вакцина салдырудың қажеттілігі және вакцинаның оразаны бұзбайтыны жөнінде айтылды. Себебі вакцина азық болатындай тамырдан салынатын дәрі емес. Ол адамның бұлшық етіне салынатын, егілетін дәрі. Сондықтан ол оразаны бұзбайды, – дейді Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай. Осы уақытқа дейін Алматыда 116 мыңнан аса адам екпе қабылдаған. Қазір қалада вакцина салатын 203 орталық жұмыс істеп тұр.

 М. ТӨЛЕУ