Істің ақ-қарасын полицейлер анықтап жатыр. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.
Павлодар облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Асқар Қапанов бұл мәселеге қатысты әлі ресми шағым түспесе де, оқиғаның мән-жайы жіті тексерілетінін айтты.
Көлік жуу орталығында жұмыстан кететінін айтып, жалақысын сұрап барған әйелді жұмыс беруші соққыға жыққан.
«Бізге мұндай шағым түспесе де, көлік жуу орталығына қатысты шешім қабылдауға ықпал ете аламыз. Шағын және орта бизнес санатындағы мекемелерді тексеруге мораторий жарияланды. Сондықтан біз сот арқылы жәбірленушінің жалақысын алуына көмектесеміз», – дейді басқарма басшысы Асқар Қапанов.
Оның айтуынша, еңбек шарты болмаса, онда жұмысшы құқығын сот арқылы қорғауға болады.