Ведомствоаралық комиссияның 14 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқартады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.
Бүгін Қазақстан мен Түркия арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс қатынайды:
Нұр-Сұлтан – Стамбұл, 2 рейс
Нұр-Сұлтан – Анталья, 1 рейс
Алматы – Стамбұл, 7 рейс
Алматы – Анталья, 5 рейс
Түркістан – Стамбұл, 2 рейс
Ақтау – Стамбұл, 1 рейс
Шымкент – Стамбұл, 2 рейс.
Екі ел арасындағы әуе рейстерін қысқарту немесе көбейту эпидемиологиялық ахуалға байланысты тағы да өзгеруі мүмкін.