Казино күзетшісі бақылау тобына қару кезенді
Казино күзетшісі бақылау тобына қару кезенді
128
оқылды

Алматы облыстық Полиция департаменті Қап­ша­ғайдағы казинолардың біріне мониторинг жүргізуге барған топты қарумен қарсы алғанын ха­барлады.

Мәлімет бойынша, 18 сәуірде сағат 23.00 шамасында Қапшағай қаласының мониторинг тобы жүргізген тексеріс барысында ка­зино күзетшісі топ жұмысына қарсылық көрсетіп, атыс қаруынан ауаға оқ атқан. Сөйтіп, тексеруге келгендерге нара­зы­­лық білдірген. Күзетші оқиға орнында ұсталып, қару тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі «билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айбике ЖАНАСЫЛ