«Пандемия салдарынан қолға алынған бастамалар кейінге шегеріліп жатыр. Сондықтан бұл процесс пандемиядан кейін жалғасады. Өйткені Қазақстанда тікелей рейстер ашуға қойылатын нақты стандарттар бар. Яғни, визалық режим және қауіпсіздік стандарттары бар», – деді елші.
"Қазақпараттың" жазуынша, екі елдің арасында тікелей әуе рейсін ашу үшін Вашингтоннан сарапшылар келуі тиіс.
Біз бұған дейін пандемия салдарынан Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстерінің саны қысқаратынын жазған болатынбыз.