Қызылордада заңсыз есірткі бизнесімен айналысқандар ұсталды
Қызылордада заңсыз есірткі бизнесімен айналысқандар ұсталды
241
оқылды

Қызылорда облысы аумағында 16 дәріхана, 1 қойма және 5 денсаулық сақтау саласындағы мекемелер тексеріліп, есірткі өткізудің 3 дерегі және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 427-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтың 8 дерегі анықталды.

2021 жылдың 3 айында облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне 30 құқықбұзушылық тіркелген, оның 8 – есірткі затын сату, 1 – есірткіні жарнамалау дерегі. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабында (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық теріс қылықтың 20 дерегі анықталған. «Есірткінің заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 22-26 ақпаны аралығында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде, Қызылорда облысы аумағында 16 дәріхана, 1 қойма және 5 денсаулық сақтау саласындағы мекемелері тексеріліп, есірткі өткізудің 3 дерегі және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 427-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтың 8 дерегі анықталды», – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжахан Қайырбергенова. Айталық, кешенді жүргізілген операциялардың нәтижесінде Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларына аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау деректері анықталып, заңсыз айналымнан барлығы 18 кг. 349 гр. марихуана тәркіленген. Сондай-ақ Жаңақорған ауданында 1 келіден аса есірткі затын сіріңке қораптарына бөлшектеп, сату мақсатында тасымалдаған кент тұрғыны құрықталды. Жыл басынан бері ҚАЖД-не түзеу мекемелеріне есірткі заттарын жасырын өткізудің 5 дерегі анықталғанын да айта кеткен жөн. Ал былтыр ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарға есірткі затын өткізудің 3 дерегі бойынша Қызылорда қаласының тұрғыны құрықталған еді. «Есірткі сату және тағы да басқа есірткі заттарына байланысты жасалып жатқан қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жайлы хабарламаларды қабылдау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында 27-55-42 «Сенім телефоны» номері жұмыс істейді», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕК, Қызылорда облысы