2020 жылы дүние жүзінде өлімге кесу үкімі азайды. Бұл туралы Amnesty International құқық қорғау ұйымы хабарлады. Ұйымның дерегінше, былтыр 18 елде 483 адам өлім жазасына кесілген. 2019 жылмен салыстырғанда 26%-ға азайған. 2019 жылы 20 елде 657 адамға осындай үкім шығарылған.
Бұл 2007 жылдан бергі ең аз көрсеткіш. Айта кетейік, мұндай дерек 2007 жылдан бастап есептеледі.
Amnesty International ұйымының дерегінше, өлім жазасының көбі Қытайда, Иранда, Египетте, Иракта және Сауд Арабиясында тіркелген.
Әлемде мұндай жаза бойынша жетекші орында тұрған ел - Қытай. Ұйымның мәліметінше, бұл елде өлім жазасы үкімінің ауқымы әлі де нақты белгісіз. Себебі онда мұндай мәлімет мемлекеттік құпия саналады. Әлемдік дерек бойынша, былтыр 483 адам өлім жазасына кесілсе, Қытайда тіркелген мыңдаған дерек жоққа шығарылған. Онда көбіне табысын жасырғандар, жалған ақша жасағандар, браконьерлер, 460 мың доллардан артық ақша жымқырған жемқорлар қылмысын өмірімен өтейді.
Қытайдан кейін Иранда өлім жазасы көп қолданылады. Мұнда өлім жазасы кісі өлтіру, зорлау, қарулы тонау, адасу, қорлау, есірткі саудасы, жезөкшелік, неке опасыздығы, сатқындық және тыңшылық, порнографияны таратқаны үшін қолданылады. Былтыр бұл елде кәмелетке толмаған 3 адам өлім жазасына кесілген.
2019 жылы өлім жазасының көптігі бойынша рейтингте Сауд Арабиясы үшінші орында болған. Жазаны орындаудың негізгі тәсілі – шариғатқа сәйкес бас алу. Кейде «тасборан» әдісі қолданылады. Сауд Арабиясында қасақана кісі өлтіру, гомосексуализм, тонау, зорлау, есірткі саудалау немесе сақтау, сиқыршылық, тіпті атеизм үшін өлім жазасына кеседі. Бірақ аман қалудың жалғыз мүмкіндігі бар: зардап шеккен тарапқа (егер ол келіссе) «қан ақысы» деп аталатын өтем төлеу қажет. Бұл елде 2020 жылы өлім жазасы 85%-ға, 184-тен 27-ге дейін азайған.
2020 жылы тіркелген өлім жазасы дерегінің 88%-ы төрт елде болған. Олар: Иран, Египет, Ирак және Сауд Арабиясы.
Amnesty International 2020 жылы өлім жазасына кесілген 483 адамның ішінде 16 әйелдің (3%) тоғызы Иранда, төртеуі Египетте, екеуі Сауд Арабиясында, біреуі Оманда тіркелгенін анықтады.
Египетте өлім жазасының саны 32-ден 107-ге дейін, үш есе артты. Ал Иракта, керісінше, мұндай жазаға тартылғандар саны екі есе азайды (2019 жылы 100 болса, 2020 жылы 45).
Үндістанда, Оманда, Катарда және Тайваньда өлім жазасы қайта енгізілген. Беларусьте, Пәкістанда, Суданда, Бахрейнде, Сингапурде және Жапонияда бірде-бір өлім жазасы тағайындалмаған. Бұл елдерде мұндай жаза 2019-2018 жылдары енгізілген.
2020 жылдың соңындағы дерек бойынша, 108 ел барлық қылмыс үшін тағайындалатын өлім жазасын алып тастады, ал 144 ел заң бойынша өлім жазасынан бас тартты. Қазақстан, Ресей және Тәжікстан өлім жазасына мораторийді сақтауды жалғастырды.
Amnesty International 33 елде өлім жазасы жеңілдегенін немесе кешірілгенін анықтады: Ауғанстан, Бангладеш, Барбадос, Гана, Гайана, Үндістан, Индонезия, Кения, Йемен, Конго Демократиялық Республикасы, Кения, Кувейт, Лесото, Малайзия, Марокко/Батыс Сахара, Мьянма, Нигерия, Нигерия, Оман, Пәкістан, Сингапур, Сьерра-Леоне, Оңтүстік Корея, Судан, Сирия, Танзания, Таиланд, Тринидад және Тобаго, АҚШ, Шри-Леоне және Жапония.
2020 жылы өлім жазасы мынадай әдістермен орындалды: басын кесу, электр тоғымен соғу, асу, өліммен инъекциялау және ату.