Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып отандық QazVac вакцинасын салдырды.
Министр вакцина алған соң денсаулығы бірқалыпты екенін айтты.
Өңірлерге вакцинаның 50 мың дозасы жөнелтіледі. Нұр-Сұлтан мен Алматыға 6 мың дозадан, Шымкент, Қарағанды қалалары мен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына 4 мың дозадан жеткізілуі тиіс. QazVac-тың ерекшелігі оны тасымалдау кезінде тым жоғары температурада салқындататын тоңазытқыштардың қажеті жоқ. Вакцинаны 2-8 градус температурада тасымалдауға болады.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша вакцина шығарған бірнеше елдің қатарында екенін айтып, мамандарға алғыс айтқан еді.