«БАҚ-та шетелдік азаматтардың вакцина салдыруына қатысты тараған ақпарат интернеттің нашарлығынан халыққа дұрыс жетпеді. Яғни, БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу барысында әңгіме зертханаларда жасалатын ПТР-тесттің бағасы – 8025 теңге екені туралы болған. Зертханалар вакцина салумен айналыспайды. Сондықтан бұл вакцинаның бағасы деген қате ақпарат тарап кеткен», – деп хабарлады.
Департамент өкілдері Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация тегін жүргізілетінін мәлім етті.