Болашаққа жасалған қадам
Болашаққа жасалған қадам
433
оқылды

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Өт­кен 30 жыл біздің халқымыз­дың тарихындағы ең жауапты кезең болды деcек артық емес. Осы уақыт ішінде біз эко­­номиканың жаңа түрін қа­лыптастырып, саяси жаңғыр­туды жүзеге асырып, әлеу­мет­тік институттарды ны­­ғай­та ал­­дық. Алайда ең маңыз­­дысы, біз ұлттық бір­лікті қам­тамасыз ету са­ласында бі­ре­гей тәжіри­беге ие болдық. Бүгінде этно­с­аралық татулық пен келісім­нің қазақстандық моделін әлем­дік қауымдастық дүние­жүзіндегі ең тиімділер­дің бірі ретінде таниды. Бұл факт ЮНЕСКО және ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық құры­лымдармен ҚХА-ның XXIX сес­сиясына үндеуінде тағы да расталды.

Әрине, бейбітшілік пен келісім – көпэтносты еліміздің барлық аза­матының күш-жігерінің нәти­жесі, бірақ бірінші кезекте бұл Тұң­ғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Тәуелсіздік таңында Елбасы қабылдаған ше­шімдердің маңызын өткен ға­сырдың 90-жылдарына тән әлеу­меттік-психологиялық және эт­но­саяси факторларды ескермей баға­лау мүмкін емес. Кеңестік идеоло­гияның ыдырауы, өсіп келе жатқан этноұлтшылдық және этнократизмге деген ұмтылыс ая­сында қоғамның көпұлтты құрамы жас мемлекеттердің тұрақты­лығына қауіп төндірді. Осы күрделі кезеңде Елбасы бұл жағдайға қа­ғидатты түрде түбегейлі жаңа көз­қарас ұсынды – қазақстандық қо­ғам­ның полиэтникалық құрамы – қауіп емес, ол орасан зор байлық пен басымдық. Сол кезеңде, 1992 жылы Қазақстан халқы Ассам­блеясын құру идеясы пайда болды. Бұл идея 1995 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысының жанын­дағы кон­сультативтік-кеңесші орган мәр­тебесі бар Қазақстан халқы Ассам­блеясын құру туралы Прези­денттің Жарлығы шыққан кезде практика жүзінде іске асы­рылды. Бүгінде Ассамблея шын мәнін­де инклюзивті қоғамға қарай іл­ге­рілеуімізді қамтамасыз ететін көпөл­шемді және тиімді институт. Бұл – барлық азамат оның саяси және әлеуметтік-экономикалық даму процестеріне белсенді қаты­сатын қоғам. Тарих белестері көрсеткендей, әрбір әлеуметтік бағдарланған инс­титут құрылғаннан бері ширек ғасырдан астам уақыттан кейін өзінің өзектілігі мен сұранысымен «мақтана» алмайды. Бұл, әрине табиғи нәрсе, әлем өзгеруде, қо­ғам­ның шарттары мен қажетті­ліктері өзгеруде. ҚХА құпиясы неде? Бұл оның қоғаммен бірге да­му қабілетінен, әлеуметтік даму­дың шынымен пайдалы құралы бо­луға ұмтылуынан айқын көрі­неді. Консультативтік-кеңесші ор­ган ретінде пайда бола отырып, 26 жыл ішінде Ассамблея конститу­циялық мәртебе мен парламенттік өкілдік алу құқығына ие болды. ҚХА қызметінің заманауи мін­деттері мен бағыттары бастапқыда бел­гіленген шеңберден асып тү­седі. Бүгінде Ассамблея – тек кон­суль­тативтік орган және этномә­дени бірлестіктер ғана емес. ҚХА – бұл Достық үйлерінің кең желісі, Қоғамдық келісім кеңестері, Ғы­лыми-сараптамалық кеңестер, Аналар кеңестері, Жастар ұйым­дары, Медиация кеңестері және тағы басқалар. Ассамблеяның ал­дына қойған міндеттері этно­с­аралық бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін ғана емес, сондай-ақ жалпыұлттық бірегейлікті нығайту және әлеуметтік мәселелерді кең мағынада шешу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады. Пан­демия кезіндегі әлеуметтік дағ­дарысты жеңуге Ассамблеяның қос­қан үлесін еске түсіру жеткі­лікті. ҚХА еріктілері қиын жағдай­дағы қазақстандықтарға көмек көрсетті, «Біз біргеміз!» және #біз­үй­деміз қайырымдылық акция­ларын насихаттады, ақпараттық кеңістікте карантин кезеңінде бос уақытты сапалы өткізу үшін жағ­дайларды және тағы басқаларды қамтамасыз етті. Қазақстан халқы Ассамблея­сының идеялық шабыттандыру­шысы оның Төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев болды. Елбасының күш-жігерінің арқасында ҚХА әр­қашан қоғамның сұраныстарына сәйкес уақыт талабына сай жүрді. 28 сәуірде өткен ҚХА-ның XXIX сессиясы кезінде Елбасы өмір бойы төрағалық ету құқығынан бас тартатынын және ҚХА Төраға­сының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдей отырып, өзінің көреген және праг­матикалық саясаткер мәртебесін тағы да растады. Елбасы бұл шешім Ассамблея қызметінің мүдделеріне қызмет ететінін және біздің Прези­дентімізге барлық ағымдағы жұ­мыстар мен азаматтарымыздың, қоғамымыздың және мемле­кеті­міздің болашағына арналған жос­пар­ларды біріздендіруге көмек­тесетінін атап өтті.

Зарема ШАУКЕНОВА, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры