«Болашақ» бағдарламасымен оқуға болатын ЖОО-лар тізімі бекітілді
«Болашақ» бағдарламасымен оқуға болатын ЖОО-лар тізімі бекітілді
344
оқылды
Елімізде «Болашақ» бағдарламасымен оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бұйрығына сәйкес, аталған тізімге 27 елдің 207 университеті енді. Қазақстандықтар оқи алатын ЖОО-лар ішінде Джонс Хопкинс университеті, Ёнсе, Цюрих, Массачусетс технологиялық университеті, Йель, Кембридж, Оксфорд, Гарвард сынды аты әлемге әйгілі оқу орындары бар. Халықаралық бағдарламаға ұсынылатын шетелдік оқу орындары мен ұйымдар 3 халықаралық академиялық рейтингке кіруі және кемінде 2 рейтингтің алғашқы 250-ші позициясында тұруға тиіс. Толық тізіммен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады. Еске салсақ, өткен жылы аталған тізімге тек 138 жоғарғы оқу орны енді. Конкурсқа құжат 4 мамыр мен 28 қазан аралығында 73 мамандық бойынша қабылданады. Конкурс 1 маусым мен 30 қараша аралығында өтеді.